Ең алдымен олармен коммуникацияны дұрыс жолға қою өте маңызды. Ұрпақтар сабақтастығы мәселесі күн тәртібінен түспейтін, толғамы терең дүние. Осы мәселені оң шешу үшін орталығымызда оқушыларды қарсы алып, өтіп жатқан ұйірмелердің жұмысымен таныстыру дәстүрге айналды. 23 мамыр күні Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларына «ашық есік күнін» өткіздік. Оқушылар әр үйірме жұмысымен танысып, қызығушылық танытып, сұрақтарына жауап алып, бірге ән айтып, би үйреніп, сенсорлық бөлмеде демалып, жақсы әсер алып, алғыстарып білдіріп кетті. Өмір заңымен бір буын екіншісін алмастыра береді, ал ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыра беру – басты мәселе.