Нұсқаушы Чернятевич Альфия Захаровна қызмет алушыларымен бірге «Бауырсақ» және « Шалқан» ертегісінің театрландырылған қуыршақ қойылымын қойды. Кіші жастағы балалар ертегілерді тамаша көңіл-күймен және таңданыспен тамашалады. Барлық балаларға қуыршақ театры өте ұнады. Центр Кредит Банкінің қызметкерлері балаларға сыйлықтар табыс етті.