Мақсаты: - қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық өнері туралы қысқаша түсінік беру; - қазақ халқының би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, дамыту; - егде жастағы адамдардың қол, бас, мойын, көз, иық секілді түрлі дене мүшелерінің қимылдарын белсендету. Осы мақсатқа жеті үшін сабақ үш бөліктен тұрды: 1. Барлық омыртқаны қозғалту үшін іс-қимылдар. 2. Экзерсис: плие, Батман Тандю, батмант жете, порт де бра. 3. Шеберлік сабақ - «Қазақ вальсі». Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне попурри. Бұл шеберлік сабаққа қызығушылық танытып келген әкімшілік басқару бөлімінің қызметкерлері, әр ауданның би жетекшілері өз пікірлерін білдіріп, жоғары баға берді. Биден оқытушы Мадина Тұрғамбекқызының қызмет алушылары ұстазына алғысын білдіріп, денсаулықтарының, дене бітімдерінің жақсарғанын ризашылықпен айта кетті. Би өнері қазақ халқы үшін тәрбие құралы, мәдениет жаршысы, тіптен қазақ тарихы десек те болады, ал егде жастағы адамдар үшін бидің пайдасы денсаулыққа зор екенін дәлелдеудің қажеті жоқ.