Сабақтың тақырыбы: «Ілмекпен резеңке тоқу». Мақсаты: - ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып нығайту; - қыз балаларды ауа ілмегімен шынжыр тоқу арқылы тоқудың негізгі түрлерін үйрету; - оқушылардың ұсақ бұлшық еттерін, көз өлшегіштерін дамыту; - оқушылардың бойында халқымыздың қол өнеріне қызуғушылықтарын арттыру; - оқушылардың бойында ұқыптылықты, дәлдікті, табандылықты, мұқияттылықты тәрбиелеу. Тоқыма тоқуды көпшілік қарт әжелермен үй шаруасындағы әйелдердің сүйікті ісі деп біледі. Алайда тоқыма тоқу барлығына ортақ, кәделі әрі пайдалы іс екенін көпшілік біле бермейді. Күлкі терапиясы сияқты тоқыма тоқудың да денсаулыққа берер мол пайдасын дәрігер-ғалымдар анықтап дәлелдей білген. Тоқыма тоқу қазақ халқының ежелден келе жатқан ең алғаш киім мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнері. Осы ақпаратты нұсқаушымыз оқушыларға жеткізіп, қызуғушылығын арттырып, жақсы жұмыс жасап келді. Бүгінгі болашақ ұрпақ ертеңгі қоғам иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қол өнермен өркендетсе деген ойдамыз. Бұл жерде ұрпақтар сабақтастығы да айқын көрініс алуда.