Еркетаев Мұхтар Дүйсенұлы Туған жері: Көкшетау облысы, Қызылту ауданы Кішкенекөл ауылында 1945 жылы шілде айында дүниеге келді. Отбасы жағдайы: Жұбайы, балалары, немерелері бар. Білімі: жоғары, Алма-Аты жоғары партия мектебі 4 жылдық бөлімі, мамандығы -политолог (1974-1978жж), Целиноград ауыл шаруашылық институты, мамандығы – экономист (1983-1987жж.) Еңбек жолы: 1964 жылы Целиноград облысы Алексеевка ауданы "Иванов" совхозының №1 бөлімшесінде слесарь қызметі; 1971 жылы Алексеев ауданының БЛКЖО ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; 1988 жылдан 1991 жылға дейін Алексеев ауданының "Новорыбин" совхозының парткомының екінші хатшысы; 1991 жылы Вишневка аудандық Шаруа Одағы төрағасының орынбасары; 1994 жылдан 1998 жылға дейін Вишневский ауданының шаруа қожалығының басшысы; 1998 жылдан Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімі аппаратының басшысы; 2000 жылдан Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары; 2002 жылдан бастап Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің орынбасары; 2003 жылы Астана қаласы "Алматы" ауданының әкімі; 2011 жылынан бастап "Жайна Астана" қоғамдық бірлестігінің төрағасы; 2021 жылдың желтоқсанынан бастап Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталағы» КММ директоры.