Егде адамдарға қоғам мен отбасы үшін пайдалылы екенін, жеке тұлға ретінде маңыздылығын сезіну маңызды. Бұл өзін өзі жоғары бағалауды сақтауға, жаңа белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға, өздерінің жастарына сай қартаюуына көмектеседі.

Орталықта ерікті ретінде «Мое возрождение» ЖМ ПО психологы және директоры Юсупова Альбина тренинг өткізеді. Психологиялық тренингтан топтамалық фото.

Сонымен қатар, орталықта психологиялық тренингті Қазақстан психологтар Ассоциациясының бапкері, психолог-кеңесші, «Консилиум» мед.орталығының кеңесшісі Орлова Лилия Александровна жүргізеді. Лилия Александровна ерікті ретінде, өзі сияқты үлкен адамдарға көмектескісі келеді.

Сондай-ақ, анимациялық құм театрының спектаклі және құммен сурет салу шеберлік класы өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты:

- егде адамдарға бір бірімен араласуына, бос уақыттарын қызықты өткізулері үшін жағдай жасау арқылы егде адамдарды әлеуметтендіру.

- егде адамдардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға үлес қосу.

- ұрпақ сабақтастығы.

«Келеңсіздікті басқару», «Отбасындағы қарым қатынас», «Күлкітерапия» тренингтері өткізілді.